Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67

15 қаңтар 2018, 09:49

2018 жылғы 8–13 қаңтар аралығындағы аптаның айшықты оқиғалар

Өткен аптада 11 қаңтарда Үкімет үйінде Премьер-Министрдің төрағалығымен жаңа жылдағы алғашқы Үкімет отырысы өтті. Отырыс барысында Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Бұдан өзге, отырыста 2017 жылғы əлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының алдын ала қорытындылары және денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірыңғай перспективалық жоспар мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында БАҚ арналған брифинг өтті. Тілшілердің сұрақтарына ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов пен қаржы министрі Б. Сұлтанов жауап берді.

Сондай-ақ, өткен аптада Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-Министр мен Президент Әкімшілігінің басшысы жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды.

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Б. Сағынтаев Мемлекет басшысының Жамбыл облысының әкімі қызметіне А. Мырзахметовты тағайындау туралы ұсынысы жазылған хатты оқып берді. Депутаттар ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдағаннан кейін Премьер-Министр мен Президент Әкімшілігінің басшысы облыс активімен кездесіп, жаңа әкімді таныстырды.

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі өткізген кеңес барысында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

9 қаңтарда Global Policy Initiatives консалтингтік фирмасының президент-құрылтайшысы мен бас директоры Джей Футликпен және NBC Universal вице-президенті Рик Смоткинмен кездесуде киноиндустрия саласындағы жобаларды іске асыру бойынша компаниялармен ынтымақтастық мәселелері қаралды.