Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71

12 ақпан 2018, 19:27
Фото, бейне: primeminister.kz

2018 жылғы 5 мен 10 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

  • Өткен аптада 9 ақпанда Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті, онда өткен жылдағы жұмыстардың қорытындысы жасалды және 2018 жылға арналған мақсаттар мен міндеттер талқыланды.
  • Сол күні Мемлекет басшысының Жарлығымен жаңа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды. Тамара Дүйсенованың орнына Мәдина Әбілқасымова тағайындалды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Бақытжан Сағынтаев министрліктің ұжымына жаңа басшыны таныстырды, сондай-ақ ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар міндеттер қойды.
  • 10 ақпанда Б. Сағынтаев ҚР Үкіметі отырысын өткізді, онда Мемлекет басшысының 2018 жылдың 9 ақпанындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау шаралары қаралды.
  • Сейсенбі күні ҚР Үкіметінің кезекті отырысы барысында техникалық реттеуді жетілдіру мәселелері, ШОБ-ті қолдау шаралары, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу барысы қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша инвестициялар және даму вице-министрі Қ. Өскенбаевтың, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғ. Дұғаловтың қатысуымен техникалық реттеу саласын жетілдіру туралы баспасөз конференциясы өтті.
  • Сондай-ақ 6 ақпанда Бақытжан Сағынтаев мұнай-газ саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.