Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №72

19 ақпан 2018, 09:33
Фото, бейне: primeminister.kz

2018 жылғы 12–17 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Өткен аптада 13 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда Үкіметтің 09.02.2018 ж. кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуы, 2018 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамудың алдын ала қорытындылары және Шымкент агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын бекіту мәселелері қаралды.

Сондай-ақ 13 ақпанда Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев инновацияларды дамыту саласындағы халықаралық сарапшы және «Көк экономика: 10 жыл, 100 инновация, 100 миллион жұмыс орны» кітабының авторы Гюнтер Паулимен кездесу өткізді.

Бейсенбі күні, 15 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Мемлекет басшысының 09.02.2018 ж. Үкіметтің кеңейтілген отырысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру бойынша берген тапсырмаларын орындау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Сол күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен «Kazakh invest» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

15 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен Мұнай-газ саласы бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Жұма күні, 16 ақпанда Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының 09.02.2018 ж. Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында инвестициялық тартымдылық және экспорттық әлеуетті дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Kazakh Іnvest пен Kazakh Export басшыларының осы жылға арналған жоспарлар мен қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараты тыңдалды.

Осы күні Б. Сағынтаев еліміздің агроөнеркәсіп саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Сенбі күні, 17 ақпанда Астанада Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жаңа ғимаратын аралап, «Экспо-2017» базасындағы «Astana Hub» АТ-стартаптарының халықаралық технопаркі ғимаратын реконструкциялау барысымен танысты.