Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары №73»

26 ақпан 2018, 09:01
Фото, бейне: primeminister.kz

2018 жылғы 19-24 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Өткен аптада Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында 2017–2020 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру мәселелері, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысындағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуал қарастырылды.

20 ақпанда Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2018 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы, АХҚО қызметі және мемлекеттік қызметтің жай-күйі туралы ұлттық баяндама жобасы мәселелері бойынша ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. 

Дүйсенбі күні ҚР Премьер-Министрі 9 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының арнайы экономикалық аймақтарды дамыту бойынша берген тапсырмаларының орындалуы мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Сейсенбі күні Бақытжан Сағынтаев Орталық және Шығыс Еуропа бойынша басқарушы директор және бас атқарушы директоры Петер Тильстің басшылығымен Deutsche Bank AG өкілдерімен кездесу өткізіп, цифрландыру, инвестициялар және инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Сәрсенбі күні, 21 ақпанда, ірі ұлттық әуе компанияларының басшыларының қатысуымен азаматтық авиацияны дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті. Премьер-Министр ірі және шағын авиацияны дамытудың кешенді бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды.  

22 ақпанда экономика жөніндегі сараптама кеңесі отырысында өңірлерді дамыту мәселелерін талқыланды.

Сондай-ақ сол күні Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында Президент Жолдауын іске асыру аясында құрылыс және ТКШ-ны технологиялық жаңғырту туралы баспасөз конференциясы өтті.

Жұма күні Үкімет үйінде Жерар Фриестің басшылық етуімен «Франция–Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдерімен кездесу өтті. Сауда және инвестициялар, энергетика және мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, туризм және басқа да салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылды.

Сол күні Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен АӨК дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.