Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №80

16 сәуір 2018, 09:00

2018 жылғы 9–14 сәуір аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

10 сәуірде Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда мемлекеттік-жекешелік әріптестік, жекешелендіру жүргізу барысы, білім беру саласын цифрландыру мәселелері қаралды.

Дүйсенбі күні, 9 сәуірде Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» Қауымдастығының басқарма мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында еліміздің инвестициялық саясатын іске асыру, инвестициялық тартымдылықты арттыру және іскерлік ахуалды жақсарту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, өткен аптада Үкімет үйінде Премьер-Министр ел өңірлерінің экономиканы дамыту бойынша 2018 жылға арналған жоспарлары мен осы жылдың І тоқсанындағы мақсатты индикаторларға қол жеткізу мәселелері бойынша селекторлық режимде жұмыс кеңестерін өткізді.

Сәрсенбі күні, 11 сәуірде Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Отырыс барысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын цифрландыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету және цифрлық дағдыларды дамыту мәселелері талқыланды.

Жұма күні, 13 сәуірде Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Атырау облысына барып қайтты. Сапардың мақсаты — Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдаулары мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының», сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысу.

 

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз