Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82

02 мамыр 2018, 09:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2018 жылғы 23–28 сәуір аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Өткен аптада Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы өтті.

  • Сейсенбі күні, 24 сәуірде Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысы өтті. Онда мал шаруашылығын дамыту, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мәселелері — «Астана-1» ААЖ жобасын іске асыру, медициналық жабдықтарды сатып алу, бірыңғай номенклатурасын қалыптастыру және сервистік қызмет көрсету мәселелері қаралды.

  • Сәрсенбі күні, 25 сәуірде, Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып қайтты. Сапар мақсаты — Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасының», сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысу.

  • Бейсенбі күні, 26 сәуірде Үкімет үйінде Премьер-Министрдің қатысуымен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті.

  • Сол күні Астанада Бақытжан Сағынтаев «Франция – Қазақстан: стратегиялық әріптестікке 10 жыл» тақырыбында «Франция–Қазақстан» Сауда-өнеркәсіптік палатасы форумының жұмысына қатысты.

  • Жұма күні, 27 сәуірде Астанада Премьер-Министрдің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы өтті.

  • Сондай-ақ, 27 сәуірде Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев елімізде зияткерлік көлік жүйесін енгізу және көлік саласын цифрландыру мәселелерін талқылау жөнінде кеңес өткізді.

  • Үкіметтің баспасөз орталығында «Global Challenges Summit 2018» ХІ Астана экономикалық форумына дайындық мәселелеріне арналған брифинг өтті. Журналистердің сұрақтарына ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі Р. Дәленов, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Б. Мұқан, «Қазақстандық экономикалық бастамалар қорының» директоры Д. Жолдаспаева және GVA Kazakhstan басқарушы серіктесі Ф. Серажетдинов жауап береді.  

 

Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз