Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №86

28 мамыр 2018, 09:48
Фото, бейне: primeminister.kz

2018 жылғы 21–26 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Өткен аптада Ақордада Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына жария түрде қол қою рәсімі өтті.

23 мамырда Астанада ҚР Президенті Н. Назарбаев V халықаралық «KADEX-2018» көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты.

Сейсенбі күні Үкімет үйнде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда көктемгі егін жұмыстарын өткізу барысы, орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жоюға даярлық, ҰБТ өткізуге дайындық барысы, еңбек және әлеуметтік саланы цифрландыру мәселелері қаралды.

Сол күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының Басқару комитетінің отырысын өткізді.

Сәрсенбі күні, 23 мамырда Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті. Отырыс барысында еліміздің денсаулық сақтау саласына шетелдік инвестицияларды тарту мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды.

Бейсенбі күні, 24 мамырда Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев V Халықаралық KADEX-2018 қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесін аралады.

Сол күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Жұма күні, 25 мамырда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып қайтты. Сапар мақсаты — Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауларының, «Бес әлеуметтік бастамасының» іске асырылу қарқынымен танысу.

Сенбіде, 26 мамырда Үкімет үйінде Б. Сағынтаев Астана қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз