Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №88

12 маусым 2018, 15:21
Фото, бейне: primeminister.kz

2018 жылғы 4–9 маусым аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Өткен аптада Астана қаласында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-пленарлық отырысы өтті. Отырыс барысында үдемелі жаңғырту жұмыстарын жүргізу, жаңа технологияларды қолдану және цифрландыру тұрғысынан инвестициялық саясат және еліміздің одан әрі экономикалық өсімінің келешегі мәселелері талқыланды.

Сейсенбі күні, 5 маусымда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда ҚР «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасын іске асыру барысы, электрондық коммерцияны дамыту мәселелері, Қазақстанның 7-азаматтық форумының ұсынымдарын іске асыру мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, жоспардағы күн тәртібінен тыс денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың менингококк инфекциясының таралуына байланысты орын алған жағдай туралы баяндамасы тыңдалды. Мәселені қарау қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев ведомствоға нақты тапсырмалар берді.

Сол күні Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Бейсенбі күні, 7 маусымда Премьер-Министр Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді.

Жұма күні, 8 маусымда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барып қайтты. Сапардың басты мақсаты — Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауының, «Бес әлеуметтік бастамасының», сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, кәсіпкерлік қызмет туралы жаңа заңның іске асырылу барысымен танысу болды.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз