Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №91

02 шілде 2018, 09:35
Фото, бейне: primeminister.kz

2018 жылғы 25 маусым мен 30 маусым аралығындағы аптаның басты оқиғалары.

• Өткен аптаның басты оқиғасы ҚР Парламентінің VI шақырылымының үшінші сессиясының аяқталуы болды. Сессияның жабылуына Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ Үкімет мүшелері қатысты.

• Сейсенбі күні Премьер-Министрдің төрағалығымен кезекті Үкімет отырысы өтті. Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар қабылданды, кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру туралы заңды іске асыру бойынша шаралар, сонымен қатар Астана агломерациясын жүзеге асыру мәселесі қарастырылды.

• 25 маусым күні ҚР Экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өтті. Отырыс барысында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын іске асыру аясында елдің тұрақты экономикалық өсімін және экономиканы жаңғыртуды қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер қаралды.

• Сәрсенбі күні Бақытжан Сағынтаев бірқатар кездесулер өткізді:

  • Балалар үйлері тәрбиеленушілерінің республикалық қоғамының төрағасы Б. Әмірмен;  
  • ҚР-дағы Халықаралық валюта қорының миссиясы басшысы Марк Хортонмен.

• 27 маусым күні Премьер-Министр Цифрландыру жөніндегі комиссия отырысын өткізді, онда министрліктің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында білікті АТ-кадрларды дайындау бойынша тәсілдері қарастырылды.

• Сонымен қатар Б. Сағынтаев ШОБ және өңдеу өнеркәсібі мәселелері бойынша кеңес өткізді.

• 29 маусымда, жұма күні басқарма төрағасы Агрис Прейманистің басшылығымен «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесінің» басқарма мүшелерімен кездесу өтті.

• 25 маусымды, дүйсенбі күні Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Ақмол облысына барды. Мақсаты – Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»,«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауларының, сондай-ақ «Бес әлеуметтік бастамасының»  өңірде іске асырылу барысымен танысу болды.