Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: Бақытжан Сағынтаевтың Ақмола облысына жұмыс сапары

29 маусым 2018, 14:32
Фото, бейне: primeminister.kz

2018 жылғы 25 маусымда Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңірде Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасының» іске асырылу барысымен танысу үшін Ақмола облысына жұмыс сапарымен барып қайтты.

 

  • Көкшетауға келгеннен кейін Б. Сағынтаев өңірде Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысымен, сондай-ақ облыстың кәсіпорындарында цифрлық технологиялар мен Индустрия 4.0 элементтерін енгізу шараларымен танысты. Осы мақсатта Премьер-Министр «Қазақстанның Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС ауыл шаруашылығы және коммуналдық техниканың индустриялық-технологиялық паркінде болды.

  • Ет өңдеу зауытын аралау барысында Премьер-Министр Президенттің дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.

  • Өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесуде өзектендірілген АӨК мемлекеттік бағдарламасын ескере отырып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және Астана қ. маңындағы азық-түлік белдеуін дамытуды ескере отырып, өңір қорын дамыту мәселелері талқыланды.

  • Бұдан өзге, Бақытжан Сағынтаев №1 қалалық емханада болып, онда жаңа цифрлық технологияларды енгізу, Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесін дамыту барысымен танысты.

  • Өңірде медицинаның даму барысымен танысу денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерімен кездесуде жалғасты. Онда медицина қызметтерінің сапасы, инфрақұрылымды дамыту, кадрларды даярлау және МӘМС енгізуге дайындық мәселелері талқыланды.

  • Премьер-Министр жұмыс сапары аясында мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында болды, онда «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету әдістері енгізілген.

  • Мамандандырылған ХҚКО-да Б. Сағынтаевқа өңірде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының білім беру, денсаулық сақтау, интеллектуалды көлік жүйесі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, қоғамдық қауіпсіздік және Smart аудан секілді бағыттарда іске асырылуы туралы баяндалды.

  • Жұмыс сапарының соңында Б. Сағынтаев облыс активімен және бизнес өкілдерімен Елбасы Жолдауларын іске асыру мәселелері жөнінде кездесу өткізді. Онда жаңа жаһандық шынайылық жағдайларында экономиканың сапалы және тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша өңір активінің жұмысы қаралды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз