Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: Бақытжан Сағынтаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары (29.03.2018)

31 наурыз 2018, 09:42
Қызылорда облысы

29 наурызында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барып қайтты. Сапардың мақсаты — Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік, Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері Жолдаулары мен Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылу барысымен танысу.

  • Бақытжан Сағынтаев өңірге келісімен облыс активімен, аудандардың әкімдерімен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Президенттің Жолдауларын іске асыру және 2018 жылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсатты индикаторларына қол жеткізу бойынша Жобалық басқару жұмысының жүйесіне қатысты мәселелер талқыланды.

  • Сол күні ҚР Премьер-Министрі білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесіп, Президенттің бес әлеуметтік бастамасын орындау мәселелерін талқылады.

  • Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында «Қараөзек» компрессорлық стансасына барды, осы жылдың шілде айында оны іске қосу кезінде «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана» бағыты бойынша «Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылысы басталады.

  • Арал қаласындағы «Арал балық өңдеу зауыты» ЖШС мен «Аралтұз» АҚ цехтарын аралау кезінде Б. Сағынтаев өңірдегі балық және азық-түлік өнеркәсібінің даму қарқынымен танысты.

  • Сонымен қатар Арал маңында Арал ауданының активімен және жұртшылығымен Солтүстік Арал жобаларын іске асыру мен суармалы жерлерге қатысты мәселелер бойынша кездесу өтті.

  • Бақытжан Сағынтаев Байқоңыр қаласында еліміздің ғарыш саласының, ғарыш айлағы мен қала инфрақұрылымының даму нәтижесімен танысты.

 



Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз