Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Берік Бейсенғалиев ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

11 шілде 2018, 18:23
Астана
Фото: primeminister.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Берік Тұрсынбекұлы Бейсенғалиев Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Б. Бейсенғалиев 1966 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты, доктор, «Экономика» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор.

Еңбек жолын 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы ретінде бастаған. 1996–2006 жылдары банк жүйесінде қызмет еткен. 2006 жылдан бастап 2009 жылға дейін «Аstana Capital Investment Group» ЖШС бас директорының лауазымын атқарған.

2009–2011 жылдары —«ҚазАгро» ҰБХ басқарма төрағасының орынбасары. 2011 жылы «ҚазАгро» ҰБХ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

2012 жылдан бастап 2018 жылғы мамыр аралығында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарушы директоры, бас директоры, басқарма мүшесі лауазымдарын атқарған.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз