Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Мемлекет басшысы ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысын тағайындады

17 қаңтар 2019, 19:57
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Басқа жұмысқа ауысуына байланысты ол Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Нұрлан Сейтімов 1964 жылы дүниеге келген.

Білімі: Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультеті, Ресей Федерациясы СІМ Дипломатиялық академиясының (Мәскеу қ.) «Халықаралық қатынастар» факультетінде білім алған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

ҚР СІМ жүйесінде 1994 жылдан бастап еңбек етіп келеді: ҚР Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі департаментінде маман (Алматы, 1994–1996), Германиядағы Қазақстан Елшілігі бөлімінің үшінші хатшысы (Берлин, 1996–1997), Консулдық қызмет департаментінің екінші хатшысы, ҚР СІМ КҚД-нің Еуропа және Америка елдері бөлімінің басшысы (1997–2000 жж.), Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстанның бас консулдығының консулы, Ганновердегі консул (2000–2004 жж.).

2004–2007 жылдары — ҚР СІМ ТМД департаментінің бастығы, ҚР СІМ ТМД департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 2007–2010 жж. — Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы, меңгеруші орынбасары болды.

01.2010–11.2013 жылдар аралығында ҚР Ресей Федерациясындағы Елшілігінің (Мәскеу қ.) кеңесшісі, ал 11.2013–03.2016 жылға дейін Майндағы Франкфурт қаласында ҚР Бас консулы қызметтерін атқарды.

29.03.2013 ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Дипломатиялық рангы: II санатты төтенше әрі өкілетті елші.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз