Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Мемлекет басшысы А. Маминді ҚР Премьер-Министрі ретінде тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды

25 ақпан 2019, 14:10
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді ҚР Премьер-Министрі ретінде тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми Twitter парақшасында жарияланды.

Бүгін Мемлекет басшысы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды. Парламент Мәжілісінің депутаттары жаңа Премьер-Министр лауазымына ұсынылған Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.

«Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын», — делінген ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығында. 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз