Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Президенті бірқатар кадрлық өзгерістер жасады

24 наурыз 2019, 14:40
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен:

  • Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды;

  • Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды, ол ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды;

  • Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуов ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол ҚР Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ҚР Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

  • Әсет Өрентайұлы Исекешев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз