Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Е. Бабақұмаров ҚР Президентінің кеңесшісі – Президент Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды

05 сәуір 2019, 20:20
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров  Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды», — делінген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімінің мәтінінде.

Е. Бабақұмаров 1969 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты, Саясаттану ғылымдары қоғамдық Академиясының академигі, Қазақстанның Саясаттану ғылымдары қауымдастығының мүшесі.

Түрлі жылдары Қазақстан даму институтының Саяси зерттеулер орталығын, Президент Әкімшілігінің ақпараттық-талдау орталығын, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметін басқарған, мәдениет және ақпарат вице-министрі, Мәдениет және ақпарат министрлігінде жауапты хатшы, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған. 2018 жылдың желтоқсанынан бастап — ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі.