Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Ерлан Қарин ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

05 сәуір 2019, 20:22

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Е. Қарин 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Түрлі жылдары Қазақстан даму институтының Саяси зерттеу орталығында, қазіргі заманғы саясат халықаралық институтында еңбек етті, террорлыққа қарсы бағдарлама орталығын басқарды. Бұдан өзге, Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметін атқарды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз