Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Ғалымжан Мелдешов ҚР МСМ Тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалды

08 мамыр 2019, 10:20
Фото: primeminister.kz

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ғалымжан Сәрсенбайұлы Мелдешов ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ғ. Мелдешов 1964 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Түрлі жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген: «Түркістан» халықаралық газетінде, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Маңғыстау Медиа» ЖШС-де басшылық қызметтерді атқарған.

2016–2018 жылдары Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған. 2018 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР МСМ Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз