Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Алмаз Әбдіғалымов «Қазгеология» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

04 ақпан 2019, 12:21
Фото: primeminister.kz

Директорлар кеңесінің шешімімен Алмаз Әбдірашұлы Әбдіғалымов «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.

А. Әбдіғалымов 1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «мұнай және газ геологиясы» мамандығы бойынша, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Қ. Сәтпаев атындағы Геология ғылымдары институтында, «СНПС Ай-Дан Мұнай» АҚ, «Қазмұнайхим-Копа» ЖШС, «Caspian Gеo Consulting Services» ЖШС, «Гео-Мұнай XXI» ЖШС, «Гео-Инженер Консалтинг» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-інде қызмет атқарған. 2017–2018 жылдары «ҚМГ-Еуразия» ЖШС бас директорының орынбасары лауазымын атқарған. 2018 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі таңға дейін «Қазгеология» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз