Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Исатай Сартаев ҚР «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды

27 қыркүйек 2018, 13:25

Бүгін Мемлекет басшысы Исатай Бақтиярұлы Сартаевты ҚР «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындады.

Мемлекет басшысының Өкімімен Исатай Бақтиярұлы Сартаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының келесі Өкімімен Нұрлан Оразұлы Оразов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметінен босатылды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз