Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстан Президенті бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады

25 ақпан 2019, 18:25

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кадрлық өзгерістер жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

  • Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары болып тағайындалды, ол ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды;

  • Бердібек Машбекұлы Сапарбаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, ол Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылды.

  • Сапархан Кесікбайұлы Омаров ҚР ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды;

  • Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова ҚР білім және ғылым министрі болып тағайындалды;

  • Роман Васильевич Скляр ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды.

  • Руслан Ерболатұлы Дәленов ҚР ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз