Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгерістер жасады

19 қыркүйек 2018, 19:15

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кадрлық өзгерістер жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов ҚР Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, ол бұған дейін ҚР «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметін атқарған.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов ҚР Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды.

ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары Исатай Бақтиярұлы Сартаевқа ҚР «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директоры міндетін уақытша атқару жүктелді.

Сондай-ақ, Күзембек Станбайұлы Әденовтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жанат Қуандықұлы Шаймерденов ҚР «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз