Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгерістер жасады

28 наурыз 2019, 19:15

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

  • Берік Ноғайұлы Асылов ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасары қызметіне;

  • Есжан Амантайұлы Біртанов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне;

  • Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне;

  • Нұрлан Шәдибекұлы Алдабергенов ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.​​​​​​

Бұдан өзге, Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Бостанұлы Құрманов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Арман Дайырұлы Жұмабеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз