Ардақ Теңгебаев 1971 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша, «Қайнар» университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы бастаған. Әр жылдары корпоративтік секторда жұмыс істеген. 1997–2009 жылдары Алматы, Семей қалалары, сондай-ақ Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің құрылымында еңбек еткен.
2009–2010 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің Мамандандырылған басқармасының басшысы.
2010–2012 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары.
2012–2016 жылдары — ҚР қаржы вице-министрі.
2016–2018 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін басқарған.
Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз