Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Талғат Ешенқұлов Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды

14 қыркүйек 2018, 09:00
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов ҚР білім және ғылым вице-министрі лауазымынан босатылды.

Талғат Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1999 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін және 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін тәмамдаған. Экономика және құқықтану саласында біліктіліктері, сонымен қатар «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бейіні бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесі бар. 2006–2012 жылдары Индиана университетінде (АҚШ), Сингапур ұлттық универстетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде, Дьюк университетінің Сэндфорд мемлекеттік саясат мектебінде (АҚШ), Голландия мемлекеттік басқару институтында (Гаага, Нидерланды), Оңтүстік Корея мемлекеттік аудит институтында мемлекеттік басқару және аудит мәселелері бойынша оқыту бағдарламаларынан өткен.

Еңбек жолын 2000 жылы сот жүйесінің органдарында бастаған. ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Жоғарғы Сотында, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде әртүрлі басшы лауазымдарын атқарған. 2007–2011 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментін басқарған.

2016 жылдың шілде айында Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасы орынбасары қызметіне тағайындалған. 2018 жылғы наурыз–қыркүйек аралығында негізгі қызметкердің әлеуметтік демалысы уақытында ҚР білім және ғылым вице-министрі лауазымын атқарған. 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз