Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

10 трансұлттық компания АӨК саласында 300 млрд астам теңге сомасына меморандумдарға қол қояды

16 мамыр 2018, 11:34
Астана

XI Астана экономикалық форумы аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі бірқатар тарихи құжаттарға қол қоюды жоспарлап отыр. Ірі трансұлттық компаниялар Қазақстанның АӨК саласына қаржы ресурстарын инвестициялауға ғана емес, сондай-ақ заманауи технологиялар трансфертін қамтамасыз етуге дайын.

Бүгінгі таңда еліміздің агроөнеркәсіп кешені — экономиканың қарқынды дамып келе жатқан саласы, оның жыл сайынғы өсім қарқыны 104,5% құрайды. Қазақстанның табиғи ресурстарының әлеуеті және АӨК қоры — еліміздің одан әрі қарқынды дамуының негізі саналады.

Мемлекет басшысы еңбек өнімділігін арттыру және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту бойынша нақты міндеттер қойды. Ірі ТҰК-мен ынтымақтастық жеткілікті инвестициялар көлемін алуға ғана емес, сондай-ақ инвесторлардың өздерінің есебінен өндірілетін өнімдерді одан әрі экспорттауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Алға қойылған міндеттерді іске асыру аясында АЭФ: Global Challenges Summit 2018 алаңында италиялық Crемоnini/Inalca Eurasia Holding, израилдік M.A.D. Developing Agricultural Projects, Cedar Meаts (Австралия), AGCO (АҚШ) Golden Camel Ggoup LTD (Қытай), Phoenix Global DMCC (БАӘ), Hyundai Corporation (Оңтүстік Корея) секілді ірі ТҰК-мен бірқатар жол карталарына және меморандумдарға қол қою жоспарланған. Барлық жарияланған жобалар бойынша инвестициялардың жалпы сомасы 300 млрд теңгеден асады.

Бұл компаниялар — ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерінің әлемдік көшбасшылары мен ірі өндірушілері. Дөңгелек үстел аясында азық-түлік өнімдерін өндіру, ет және сүтті қайта өңдеу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласында ҚР аумағында жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша үш меморандумға, бір келісім мен төрт жол картасына қол қою жоспарланған.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз