Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстан Президенті басымдықтарды дұрыс қоя білді — Д. Ступин

19 мамыр 2018, 10:51

Бүгінгі таңда әлемдегі әрбір мемлекет басқарудың жылдамырақ моделіне көшу жолы ретінде қарастыра отырып, жаппай цифрландыруды жүзеге асыруға тырысады, деп есептейді Мемлекеттік Дума жанындағы сараптау кеңесінің мүшесі, экономиканы цифрландыру орталығының өкілі Денис Ступин.

«Егер Ресей, Қазақстан, ТМД елдері немесе көптеген басқа елдерді алып қарасақ, бұның тез процесс емес екенін ұмытпаған жөн. Жылдам ауысуға білім жеткіліксіз. Осыған орай, халық моноқалалардан орталық қалаларға көше бастайды. Соның салдарынан үлкен қалаларда адам саны шектен тыс артып, моноқалалардағы өмір сүру деңгейі төмен болып қалуда», — деді сарапшы.

Сонымен қатар, оның айтуынша, білім беру деңгейінің төмен болуы да осы қалаларға тән. Бүгінгі таңда цифрландыру, заманауи технологиялар саласындағы мамандар орталық қалаларда өмір сүреді. Мәселені цифрландыру тұрғысынан қарайтын болсақ, көбінесе моноқалаларда оқытушылардың біліктілігін арттыру бағдарламалары жоқ деуге болады.

«Менің ойымша, ең алдымен мемлекеттік қызметкерлердің, университет оқытушыларының білім деңгейін көтеру қажет. Осы білім беру бағдарламасын енгізу арқылы, біз оны жүзеге асыру мерзімдерін анық көре аламыз», — деді Д. Ступин.

Қазақстанның Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде тағы бір маңызды мәселені — жер шарындағы тұрғындар санының артуын атап өтті. Бүгінгі таңда ғаламшар халқының саны қарқынды түрде өсіп келеді. Билік пен мемлекет алдында тұрған басты мәселе — жұмыссыздық проблемасы.

«Сонымен қатар, мемлекетке дәстүрлі экономикадан цифрлық экономикаға өту кезінде елеулі залал келуі мүмкін. Мұның себебі неде? Блокчейн жаңа технологиялары көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Бірақ олар да даму үдерісіне әсер етеді. Егер біз блокчейн технологияларына өтіп, сонымен бірге бағытты дұрыс таңдамасақ, бұл адамзат дамуындағы ең қауіпті бағыт болуы мүмкін», — деді сарапшы.

Оның айтуынша, қазіргі таңда біз цифрлық экономика таяу арада оффлайн режимде жұмыс істейтін адамдардың орнын баса түсетінін түсінеміз. Адамдар жасап шығарушылар болады және өздерінің әрекеттері үшін қандай да бір ақы алып отырады.

«Бүгінгі таңда жұмыссыздық мәселесі туралы көп сөз қозғалады. Менің пікірімше, соншалықты қиын жағдай орын алмайды. Ресей мен Қазақстанның Президенттері айтқандай, егер адам жақсы өмір сүргісі келсе, ол әрдайым өз орнын табады. Мен бұны қолдаймын әрі оған толық сенімдімін.

Қазақстан Президенті жетістікке жетуді көздейтін әрбір мемлекет талпынатын басым бағыттарды жария етті», — деді Д. Ступин.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз