Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Б. Мамыталиев «Самұрық-Қазына» қорының «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы тұрғын үй құрылысы туралы айтып өтті

27 қыркүйек 2016, 11:28

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы Бауыржан Мамыталиев қордың «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тұрғызып жатқан тұрғын үй құрылысы туралы айтты.

«Құрылыс салушыларына аударылған қаражат көлемі 35,7 млрд теңгені құрайды. 2016 жылдың соңына дейін шамамен 61 млрд теңгені игеру жоспарда бар. Құрылыс нысандарын пайдалануға беру мерзімі 2017-2018 жылдарға жоспарланған. Нысандардағы жұмыс бастау алды», - деп хабарлады Б. Мамыталиев. 

Оның айтуынша, қалған 30 млрд теңге көлеміндегі жобалар ағымдағы жылдың  қыркүйек айының соңына дейін директорлар кеңесінің бекітуіне жіберілетін болады. 

«Жалпы алғанда, бөлінген қаражатқа шамамен 500 мың шаршы метр тұрғын үйді немесе 10 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарда бар. Құрылыс салушыларының үлесі жобалардың 20%-ын құрайтын болады, нақты алғанда 19 млрд-тан (млрд, млн кейін нүкте қоймаймыз) жоғары жеке инвестиция тартылатын болады», - деді Б.Мамыталиев.