Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Е.Досаев арендалық және несиелік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға талдау жасады

27 қыркүйек 2016, 10:46

2016 жылдың 9 айында арендалық және несиелік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жоспарының шамамен 67% игерілді, деп мәлімдеді ҚР Үкіметі отырысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев.

«2016 жылы  112,1 млрд теңгені игеру жоспарлануда, бүгінде  жоспардың  74,5 млрд теңгесі  немесе 66,5 пайызы  игерілді. Жыл соңына дейін үй салушыларға 37,6 млрд теңге бөлінеді», - деді Е.Досаев.

Айта кетерлігі,  2016 жылы арендалық және несиелік тұрғын үй құрылысына Ұлттық қордан  202,5 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде: 113 млрд теңге - арендалық және несиелік тұрғын үй  құрылысына «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы, 67 млрд теңге - әкімдіктер арқылы несиелік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ЖАО құнды қағаздарын сатып алуға, 22,5 млрд теңге - «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ  арқылы арендалық тұрғын үй құрылысына бағытталды.

Сонымен бірге, Е. Досаев айтып өткендей, құрылысты қаржыландыруды талдау халыққа тұрғын үй қолжетімділігін жеделдету бойынша мемлекеттік органдардың, холдингтің еншілес ұйымдарының және үй салушылардың күштерін нақты біріктіру қажет екенін көрсетті.

«2016-2017 жылдары енгізілген жалпы ауданы 233,8 мың шаршы метрге (3,4 мың пәтер) 40,8 млрд теңге сомаға жобалар пулы бар, олар бойынша меморандумдар жасалды. Салушыларда қажетті құжат топтамасының толық болмауы проблемаға әкеліп отыр. Бұл орайда  әкімдік  жер учаскелерін беру үрдісін жеделдетулері керек. 2017 жылы бұрын әзірленген жобаларды қайта қолдану қарастырлып отыр», - деді Е. Досаев.