Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

«KEGOC» 2025 жылға дейін 15 инвестициялық жобаны жүзеге асырады - Б.Қажиев

01 қазан 2014, 21:30

«KEGOC» АҚ 2025 жылға дейін 15 инвестициялық жобаны жүзеге асырады.  Бұл туралы «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев мәлімдеді.

«Біздің компаниямызда 2025 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы бар. Бізде 15 инвестициялық жоба бар, олардың барлығы да табысты жүзеге асырылып келеді», - деп басып айтты ол.

Компанияның мәліметінше, әлемдік жетекші қаржы институттарының қатысуымен «KEGOC» бірге жүзеге асырған ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірлескен қоржын сомасы 1 млрд доллардан асты.