18.04.2024
Олжас Бектенов Еуропалық Одақ елдерінің дипломатиялық өкілдіктері басшыларымен су ресурстарын басқару мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Қазақстан–Еуроодақ» диалог платформасының 14-ші отырысы өтті. Отырысқа Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшылары, сондай-ақ бірқатар еуропалық компаниялардың топ-менеджерлері қатысты.