Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Барлық өңірлер көмірмен қамтамасыз етілген: ҚР ИДМ көмірдің өңірлерге жеткізілуіне апта сайын мониторинг жүргізеді

12 қыркүйек 2018, 12:06
Фото, бейне: primeminister.kz

Жылыту маусымына дайындық қандай сатыда тұр, электр станциялары көмір тиеуге дайын ба, көмірдің тарифтері өседі ме, жалпы еліміздің қыстың суық күндері қарсаңындағы даярлығы қандай деген сұрақтарға тиісті жауапты РrimeMinister.kz материалынан оқыңыздар.

Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, еліміздің энергия кәсіпорындарының жылыту маусымына дайындық жұмыстары ұйымдастырылған түрде жүргізіліп жатыр әрі аяқталуға жақын.

«Алдағы күзгі-қысқы кезеңде еліміздің тұтынушыларын тұрақты энергиямен қамтамасыз ету үшін Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесінің электр станцияларының негізгі жабдығын жөндеудің бекітілген кестесіне сәйкес, 8 энергия блогының, 56 энергетикалық қазандықтың және 45 турбинаның күрделі және кеңейтілген жөндеу жұмыстары жүргізілуде», — деді Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов.

Қазіргі уақытта электр станцияларында 4 энергоблоктың (жыл сайынғы көлемнің 50%-ы), 32 қазандықтың (57%) және 24 турбинаның (53%) жөндеу жұмыстары жүргізілді. Турбиналар мен қазандықтар бойынша жұмыс қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 10% жоғары. Түрлі жөндеу кезеңдерінде 4 энергоблокта, 24 қазандық пен 21 турбинада жұмыстар жүргізіліп жатыр. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында 500 қазандықтың 439 (жылдық жоспардың 88%) жөнделді.

С. Есімхановтың айтуынша, электр станцияларындағы отын қоймаларында 3,3 млн тонна көмір және 78 мың тонна мазут жинақталған, бұл жалпы нормативтік көлемге сәйкес келеді.

Орталықтандырылған жылыту аймағындағы қазандықтарда 1,1 млн тонна көмір, немесе жоспардың 84% және 25 мың тонна мазут жиналды. Электр станциялары жыл бойы көмірмен және отынның басқа түрлерімен қамтамасыз етіледі. Барлық электр станциялары көмір қабылдауға дайын», — деді ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы.

Сонымен қатар, электр желілерін жаңғырту шаралары аймақтық электр желілері компанияларының қол қойған инвестициялық бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жаңа электр желілері нысандарының құрылысы жүріп жатыр.

С. Есімхановтың айтуынша, 2018–2019 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін дайындау үшін жалпы ұзындығы 28 477 шақырым электр жеткізу желілерін, сондай-ақ 5 848 қосалқы станцияны жөндеу көзделген.

«Бүгінде электр жеткізу желілерінің 24 мың шақырымы жөнделді, бұл жылдық жоспардың 85%. Сондай-ақ, 4,5 мың қосалқы станцияда жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл – жоспардың 77%. Үшінші тоқсанда «Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік» электр транзитін енгізу жоспарлануда, ол жалпы еліміздің Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің сенімділігін арттырады», — деді С. Есімханов.

Бұдан өзге, қолданушы ұйымдардың тиісті аудандық және қалалық аумақтарындағы электр желілерінің жұмысында орын алуы ықтимал технологиялық бұзылушылықтарды жою үшін қажетті материалдармен, қосалқы бөлшектермен, арнайы техникамен және кәсіби мамандармен қамтамасыз етілген жедел-көшпелі бригадалар құрылған. Қазақстанның электр желілері алдағы жылыту маусымында тұтынушыларды электр қуатымен сенімді түрде қамтамасыз етеді.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанат Байытов қыркүйек айына дейін көмір өндіруші компаниялардың 71 млн тонна көмір қазғанын айтты. Бұл — былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға артық көрсеткіш.

«Көмірдің өңірлерге жеткізілуі апта сайын бақыланып отыр. Бүгінде барлық аймақ көмірмен қамтылды. Мысалы, Астана қаласында көмір сатылатын 8 орын бар. Әр аймақта көмірдің бағасын реттейтін арнайы штаб та құрылды», — деді Қ. Байытов.

Оның айтуынша, кейбір өңірдегі көмір бағасы оның сапасына тікелей байланысты.

«Халық арасында Шұбаркөл, Қаражыра, Майкөбе көміріне сұраныс жоғары. Қазір біз көмірдің кен орнынан сатушыға дейін бірқалыпты кестемен жетуін қадағалап отырмыз. Сатушылармен көмірді жеткізу тарифінің қымбаттамауы жөнінде меморандумға қол қойылады. Баға қатал қадағаланады. ҚТЖ өз тарапынан да бақылау жүргізіп, қажет болған жағдайда бір ауылды аймақтан басқасына қайта үлестіреді», — деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, ҚР ИДМ көмірдің жеткізілуімен қатар, кен орындарының дамуын да қадағалайды. 

«Біз әрбір көмір өндіретін кәсіпорынмен жұмыс істеп, нысанда неше адам еңбек ететінін, өндіріс көлемін арттыру, болашаққа даму жоспарын бақылайтын боламыз. Теміржол жоқ аймақтарға көмір көлікпен жеткізіледі, бірақ бағасы қымбаттау болады», — дейді Қ. Байытов.

Ал, «Астана-Энергия» АҚ-ның Даму жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары Олег Уткин жылыту маусымына дайындық жайлы айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, қазір екінші жылу электрцентралында 4 энергетикалық қазан мен 4 турбина бар. 2018–2019 ж. жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. 

«Станцияда 214 мың тонна көмір қоры бар. Көмірді жеткізу туралы келісімшартқа жыл басында қол қойылғандықтан, құрылғыларды жөндеуден өткізуде, көмір жеткізуде ешқандай қиындық тумауы тиіс», — деп сендірді О. Уткин.

Оның айтуынша, қазір станция 330 мегаватт электр қуатын өндіреді.

«Жылудың 70 градусы 7,5 кг қысыммен диспетчер “Астана-Теплотранзит” кестесі бойынша қалаға кетеді. Құрылғылар жоспармен жөндеуден өтіп жатқандықтан, жылыту маусымына дейін бәрі толық дайын болмақ», — деп түйіндеді О. Уткин.

Барлық өңірлер көмірмен қамтамасыз етілген: ҚР ИДМ көмірдің өңірлерге жеткізілуіне апта сайын мониторинг жүргізеді
1/12
Барлық өңірлер көмірмен қамтамасыз етілген: ҚР ИДМ көмірдің өңірлерге жеткізілуіне апта сайын мониторинг жүргізеді
2/12
Барлық өңірлер көмірмен қамтамасыз етілген: ҚР ИДМ көмірдің өңірлерге жеткізілуіне апта сайын мониторинг жүргізеді
3/12
Барлық өңірлер көмірмен қамтамасыз етілген: ҚР ИДМ көмірдің өңірлерге жеткізілуіне апта сайын мониторинг жүргізеді
4/12
Барлық өңірлер көмірмен қамтамасыз етілген: ҚР ИДМ көмірдің өңірлерге жеткізілуіне апта сайын мониторинг жүргізеді
5/12
Барлық өңірлер көмірмен қамтамасыз етілген: ҚР ИДМ көмірдің өңірлерге жеткізілуіне апта сайын мониторинг жүргізеді
6/12
Барлық өңірлер көмірмен қамтамасыз етілген: ҚР ИДМ көмірдің өңірлерге жеткізілуіне апта сайын мониторинг жүргізеді
7/12
Барлық өңірлер көмірмен қамтамасыз етілген: ҚР ИДМ көмірдің өңірлерге жеткізілуіне апта сайын мониторинг жүргізеді
8/12
Барлық өңірлер көмірмен қамтамасыз етілген: ҚР ИДМ көмірдің өңірлерге жеткізілуіне апта сайын мониторинг жүргізеді
9/12
Барлық өңірлер көмірмен қамтамасыз етілген: ҚР ИДМ көмірдің өңірлерге жеткізілуіне апта сайын мониторинг жүргізеді
10/12
Барлық өңірлер көмірмен қамтамасыз етілген: ҚР ИДМ көмірдің өңірлерге жеткізілуіне апта сайын мониторинг жүргізеді
11/12
Барлық өңірлер көмірмен қамтамасыз етілген: ҚР ИДМ көмірдің өңірлерге жеткізілуіне апта сайын мониторинг жүргізеді
12/12