Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Ангола ЭКСПО-2017-ге қатысу туралы келісімшартқа қол қойды

18 қазан 2016, 16:22
Фото: expo2017astana.com

Астанада «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Ангола Республикасы Ұлттық секциясының комиссары Альбина Ассис Африканоның кездесуі өтті.  

Кездесу барысында ұлттық компания басшысы Ангола секциясының комиссарын жақында тағайындалған жауапты қызметімен құттықтай отырып, «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы көрмені ұйымдастыру барысында жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен таныстырып, оның мазмұны мен контентіне тоқталды.

«Алдағы көрменің тақырыбын ерекше атап өткім келеді. Ол шын мәнінде өте заманауи әрі өзекті тақырып. Ангола «Барлығына арналған энергия» тақырыпшасын таңдады. Өйткені, бұл бағыттың жүзеге асуы бізге кедейлікпен күресуге ықпал етіп, көмек беріп, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуына өзіндік көпір боларына сенімдіміз. Бұл тақырып негізгі болып табылады, себебі Ангола Республикасының энергетика саласындағы стратегиясымен сәйкес келеді» - деді А. Африкано.

Кездесу соңында Ангола ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу туралы келісімшартқа қол қойды.