Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Словакия ЭКСПО-2017-ге қатысу туралы шартқа қол қойды

14 желтоқсан 2016, 17:16
Фото: expo2017astana.com

ЭКСПО-2017 ұйымдастырушысының кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовтің Словакия Республикасы Ұлттық секциясының комиссары Патриция Жачиковамен кездесуі өтті, кездесу барысында Словакияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы туралы шартқа қол қойылды.

Кездесу барысында тараптар ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселелерін сөз етті. А. Есімов словакиялық тарапты көрмеге дайындық және көрмеге халықаралық қатысушыларды тарту жұмыстарымен таныстырды. Сонымен қатар, ұлттық компания басқармасының төрағасы қазіргі уақытта 7 мемлекеттің өкілдеріне павильондар толтыру және контент үшін табысталғандығын және таяу уақытта бұл жұмыстың жалғасатынын жеткізді.

«Шарт жасасуды біз екі ел арасынағы экономиалық қарым-қатынастарды дамытудағы кезең деп бағалаймыз. Бұл Словакияны бүкіл әлемге өнеркәсіптік дамыған ел ретінде таныстырудағы маңызды қадам. Біз энергетика саласындағы құрылыс және жаңғырту, жаңартылатын энергия көздері саласындағы арнайы технологиялар бойынша словакиялық компаниялардың көптеген таныстырылымдарын дайындағымыз келеді», - деп атап өтті П. Жачикова.

Кездесу қорытындысы, ұлттық компанияның мәліметінше, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне Словакияның қатысуы туралы шартқа қол қоюы болды.

Естеріңізге салсақ, «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылғы 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында өтеді, көрмеге 5 млн шамасында адам келеді деп күтілуде.