Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

«Салық амнистиясы» — кәсіпкерлерді қолдаудың ұтымты тетігі және негізгі қарызды өтеуге ынталандырушы болмақ – ҚМ МКК  

27 желтоқсан 2018, 11:45
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев салық амнистиясын жүргізуге дайындық туралы айтып берді.

Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеуші салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды және айыпұлдарды есептен шығару арқылы шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық амнистия жүргізу туралы тапсырма берді.

М. Сұлтанғазиев салықтық амнистияны жүргізу үшін Қаржы министрлігі заңнамаға тиісті түзетулер әзірлепі, бүгінгі күні оның Парламент Сенатының қарауына берілгенін атап өтті.

«Түзету жобасы шағын және орта бизнес субъектілеріне 2018 жылдың 1 қазанына сәйкес, 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін негізгі қарызын төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұлдарды есептен шығаруды қарастырады. Бұл ретте 2018 жылғы 1 қазандағы жағдайға сәйкес есептелген айыппұл соммасы, ал негізгі қарыз сомасын төлеу күніне дейін есептелген өсімпұл соммасы есептен шығарылады», — деп түсіндірді М. Сұлтанғазиев.

МКК төрағасының айтуынша, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару Салық кодексіне немесе оңалту және банкроттық туралы заңнамаға сәйкес салықтардың төлеу мерзімін ұзартқан немесе оңалту рәсімінде тұрған салық төлеушілерге де қатысты болады.

Айта кету керек, амнистияға ілікпейтіндер қатарында бақылауды талап ететін ірі салық төлеушілер; жер асты суларын, емдік балшықты алу құқығына иелік ететін жер қойнауын пайдаланушыларынан басқа жер қойнауын пайдаланушылар; акцизделетін тауарларды өндірушілер; кәсіпкерлік қызметпен немесе жеке тәжірибемен айналыспайтын жеке тұлғалар.

Қаржы министрлігінің жүргізген алдын-ала есептеулеріне сәйкес, барлығы 90 077 орта және шағын бизнес субъектілері амнистияға жатады. Олардың 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 340,6 млрд теңге салық берешегі бар. Сонымен бірге, 122,9 млрд теңге өсімақы мен 7,3 млрд теңге айыппұл 210,4 млрд теңге көлеміндегі негізгі борышты өтеген жағдайда ғана есептен шығарылады.

Комитет төрағасы салық амнистиясына тиісті салық төлеушілердің алдын ала тізіміне кірген салық төлеушілерге бүгінде Салық төлеуші кабинетіне қысқаша ақпараттық хабарлама жолданғанын айтты. Салық төлеуші кабинеті жоқтарға 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап мекен-жайлары бойынша поштамен таратылады.

«Салық амнистиясын жүргізу кәсіпкерлерді қолдаудың ұтымды тетігіне айналып, негізгі берешекті төлеуге және салық ауыртпалығынан толық босауға ынталандырады деп ойлаймыз. Бұндай акция кәсіпкерлерге өз өндірісін жаңғыртуға, жұмыс орындарын құрып, бұрғынғыларын сақтауға, өндіріс көлемін ұлғайтуға, ойлайша қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне, олардың табыстары мен тұрмыс деңгейінің жақсаруына үлес қосуға жол ашады», — деді М. Сұлтанғазиев.

Естеріңізге сала кетейік, тәуелсіз Қазақстан тарихында кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін сауықтыру мақсатында айыппұлдарды және өсімақыларды есептен шығару үшін салық амнистиясы үш рет (1997–1999 жылдары, 2011 және 2015 жылдары) жүзеге асырылды. Осылайша, әр жолы кәсіпорынға жиналған борышынан құтылып, заңды коммерциялық қызметін жалғастыруға мүмкіндік берілді.

ҚР Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы екі акция (2011 және 2015 жылдар) кезінде айыппұлдар мен өсімақыларды қосқанда жалпы сомасы 143,7 млрд теңгелік қарыз есептен шығарылды, оның ішінде 2011 жылы — 23,1 млрд теңге, 2015 жылы — 120,6 млрд теңге.

М. Сұлтанғазиев аталмыш акциялардың оң әсер бергенін атап өтті: 2015 жылдағы соңғы салық амнистиясына қатысушылардың 67%-ның бүгінде салықтық қарызы жоқ. Бұл — 680 мың салық төлеуші, оның 17 мыңнан астамы — заңды тұлғалар, 105 мыңы — жеке кәсіпкерлер, 557 мыңы — жеке тұлғалар.

«Салық амнистиясы» — кәсіпкерлерді қолдаудың ұтымты тетігі және негізгі қарызды өтеуге ынталандырушы болмақ – ҚМ МКК  
1/5
«Салық амнистиясы» — кәсіпкерлерді қолдаудың ұтымты тетігі және негізгі қарызды өтеуге ынталандырушы болмақ – ҚМ МКК  
2/5
«Салық амнистиясы» — кәсіпкерлерді қолдаудың ұтымты тетігі және негізгі қарызды өтеуге ынталандырушы болмақ – ҚМ МКК  
3/5
«Салық амнистиясы» — кәсіпкерлерді қолдаудың ұтымты тетігі және негізгі қарызды өтеуге ынталандырушы болмақ – ҚМ МКК  
4/5
«Салық амнистиясы» — кәсіпкерлерді қолдаудың ұтымты тетігі және негізгі қарызды өтеуге ынталандырушы болмақ – ҚМ МКК  
5/5