Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚДБ 44,8 млрд теңгеге өңдеуші өнеркәсіптің 47 жобасын қаржыландырды

07 қыркүйек 2015, 06:00

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ желісі арқылы жалпы 44,8 млрд теңге сомаға 47 жоба қаржыландырылды, деп хабарлайды банк.

«Ағымдағы жылдың 3 қыркүйектегі жағдайда өңдеу өнеркәсібін Ұлттық қордың бірінші және екінші траншы есебінен (барлығы 100 млрд теңге) екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) арқылы ұзақ мерзімді қаржыландыру аясына жалпы сомасы 44,8 млрд теңгеге 47 жоба қаржыландырылған», - делінген хабарламада. 
 
Банктәі мәліметінше. Ұлттық қордың бірінші траншы бойынша (50 млрд теңге), ҚДБ олармен алдында тиісті несие келісімдерін бекіткен коммерциялық банктер өңдеу өнеркәсібінде 33 млрд 443,5 млн теңгеге 25 жобаны мақұлдады, ал 20 млрд 589 млн теңгеге 21 жобаны қаржыландыру басталды.

Екінші траншы бойынша (50 млрд теңге) екінші деңгейдегі банктер 39 млрд 776,4 млн теңгеге 41 жобаны мақұлдады, 24 млрд 252,2 теңгеге 26 жобаны қаржыландыру басталды.

Баспасөз хабарламасында айтылғандай, мұнда ірі кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру туралы айтылып отыр – бір қарызгерді қаржыландыру шегі 200 млн теңгеден 5 млрд теңгеге дейін. 

Нақты игерілген қаражаттың басым бөлігі аймақтап алғанда ОҚО-на келеді - 19% (I транш шеңберінде) және Алматы қаласы – 24% (II транш), салалық сегментте – металлургия өнеркәсібінің жобаларына - 23% (I транш) және 25% (II транш).

Бекітілген шарттарға сәйкес, екінші транш қаражатының ең көбі 50% жаңа жобаларды қаржыландыруға, ең көбі 25% - бұрын берілген несиелерді қайта қаржыландыруға және ең көбі 25% - айналым капиталын толықтыруға жұмсалу керек.