Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ЕАЭО мүше мемлекеттер мен Қытай арасында Инновациялық ынтымақтастық тұжырымдамасын әзірлеу жоспарланған - Қ.Жақыпов

06 қазан 2015, 20:22

ЕАЭО мүшелері мен Қытай арасындағы Инновациялық ынтымақтастық тұжырымдамасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің индустриялық дамуына ынталандыру болмақ, деп мәлімдеді бүгін «Еуразиялық экономикалық перспектива» атты халықаралық форум барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов.

«ЕАЭО және Жібек жолының Экономикалық белдеуі жобасы аясында технологиялармен, инновациялармен алмасу индустриалды дамуға және жалпы мүше мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қатты әсер ететініне сенімдімін. Осыған байланысты мүше мемлекеттердің бейінді министрліктері ЕАЭО мүше мемлекеттер мен Қытай арасында Инновациялық ынтымақтастық тұжырымдамасын әзірлеуіне болады», - деді Қ.Жақыпов. 

Бұдан өзге, оның айтуынша, ЕЭК және мүше мемлекеттердің салалық министрліктері мен ведомстволарының бірлескен күшімен Қытаймен өзара іс-қимылға қатысты Өнеркәсіптік даму бағдарламасын жасау жоспарланған. Ол үшін, палата төрағасы түсіндіріп өткендей, мемлекеттік қаражат, сондай-ақ Еуразиялық даму банкі, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі және Жібек жолы қорының және басқа да халықаралық қаржы институттарының қаражаты пайдаланылуы мүмкін.