Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Біз РФ-мен бензин бағасына диспаритетке жол бере алмаймыз - С.Мыңбаев

05 қыркүйек 2015, 00:43

Қазақстандағы Ресеймен бензин бағасының диспаритеті кезінде отын тапшылығы пайда болуы мүмкін, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев.

«Баға диспаритеті болған кезде, қазір сондай жағдай, біз нөлдік алып келуге, және оны Ресей Федерациясына белсенді түрде шығаруға келіп тірелеміз, өйткені валюта арақатынасын ескергенде бұл бензин сыртқа белсенді түрде шығарыла бастайды, және егін жинау науқаны қарсаңында бұл дұрыс емес», - деді С.Мыңбаев.

Оған қоса, ол қыркүйек айының басына АИ-92 маркалы бензиннің қалдығы еліміз бойынша 225 мың тоннаны құрағанын айтты. Сонымен қатар, аталған бензин түрін пайдаланудың ай сайынғы көлемі шамамен 270-280 мың тоннаны құрайды.

«Бұл көлем бастапқыдағы қалдықтардың болуымен қатар зауыттардағы өндіріс көлемін қоса алғанда жабылатыны түсінікті. Зауыттардағы өндіріс көлемі қыркүйек айында шамамен 120 мың тоннаны құрайды. Ескі баға бойынша келісім-шарттық көлем теңгені еркіндікке жібергенге дейін шамамен 40 мыңға жуық тонна болды. Осылайша, қыркүйекте қосымша сырттан бензин қажет, ол шамамен 70 мың тоннаны құрайды деп болжап отырмыз», - деп баса айтты ол. 

Өз кезегінде, ҚР энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстанда АИ-92 бензинінің жетіспеушілігі 1 млн тоннаны құрайтынын айтқан болатын.

«Біз жылына өзіміздің үш зауытта 2 млн тонна АИ-92 шығарамыз, ал 1 млн 100 мың тоннаны сырттан әкелеміз, қазір қалыптасқан жағдайға сәйкес Ресейде, Белоруссияда немесе басқа жерден алғандағы баға біз белгілеген бағадан әлдеқайда жоғары», -деп түсіндірді ол. 

Оған қоса, ол жалпы мұнай өнімдері нарығындағы жағдай барлық қоржында тұрақты екендігін айтып өтті. Дизель отынының қорлары 300 мың тоннадан асады, егін жинау қамтамасыз етіліп жатыр, қысқа дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр, коммуналдық қызметтерге мазут жеткілікті көлемде жеткізілуде.

Бүгін ОКҚ брифингінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары барлық маркалы бензиндердің бағасын еркін реттеу туралы мәлімдеген болатын.