Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Неміс компаниялары «ЭКСПО 2017» қатысуға қызығушылық тантуда - Қ.Бишімбаев

11 қараша 2014, 00:15

Германия компаниялары тауарлар, жұмыстар және қызметтер ұсыну тұрғысынан «ЭКСПО 2017» қатысуға қызығушылық танытуда, деп мәлімдеді бүгін Астанадағы Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің  VII отырысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев.

«Германиялық тарапта 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО көрмесіне қатысу қызығушылығы бар екені айтылды. Осы орайда олар осы ірі жоба үшін тауарлар мен қызметтерді ұсынуға ниетті», - деді Қ.Бишімбаев.

Оның айтуынша, Қазақстан өз кезегінде «Шикізаттық ресурстарды технологияларға алмастыру» стратегиялық келісімін одан әрі жүзеге асыруға мүдделі.

«Осы әріптестік аясында бірнеше жобалар белгіленді. Атап айтқанда, шикізаттық әріптестік бағытында бір жоба алдағы жылы жүзеге асырылатын болады деп жоспарлануда», - деді ол. 

Бұдан өзге, ол ынтымақтастық аясында «Deutsche bank» 400 млн долларға жуық инвестицияларды «ҚазАгро» ҰБХ АҚ тартуды жүзеге асыратынын атап өтті.