Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

2017 жылдан бастап Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар үшін шағын несиелендірудің жаңа құралдары іске қосылады

29 қараша 2016, 11:26
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасының жобасы қаралып жатқан ҚР Үкіметі отырысы барысында мәлім болды.

ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қалаларда кәсіпкерлік қызметті шағын несиелендіруді енгізу, сонымен қатар, мемлекет тарапынан қалаларда жобаларын жоспарлаған немесе іске асырып жатқан өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыз азаматтар үшін шағын несиелендіруді кепілдендіру қарастырылған.

Жыл сайын кем дегенде 20%-ы стартап жобаларды жүзеге асыруға берілетін, 2 500-ден астам қарыз беру көзделген.

Шағын несиелер жаңа шағын кәсіпорындарды ашуға және қолданыстағы бизнесті кеңейтуге сыйақының түпкілікті мөлшерлемесі 6%-ға дейін болатын, 16 млн теңгеге дейін берілетін болады. Оператор «Даму» КДҚ» АҚ болады. Шағын несиелерді тікелей беру екінші деңгейлі банктер немесе шағын қаржы ұйымдары арқылы жүргізілетін болады.  

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, ҚР Үкіметі Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасын әзірледі. Бағдарламаның мақсаты нәтижелі жұмыспен қамтуға жағдай жасау арқылы халыққа өз табыстарын арттыруға мүмкіндік беру болып табылады.  

Нәтижелі жұмыспен қамту, бұл – еңбеккерлерге табыс әкелетін шынайы, лайықты өмір сүруді қамтамасыз ететін жұмыс түрі. 

2017 жылдан бастап Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар үшін шағын несиелендірудің жаңа құралдары іске қосылады
1/2
2017 жылдан бастап Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар үшін шағын несиелендірудің жаңа құралдары іске қосылады
2/2