Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Атамекен» ҰКП өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды

20 мамыр 2016, 21:30

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Атамекен» Қазақстанның кәсіпкерлер палатасымен өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды, оның мақсаты отандық тауар өндірушілерді қолдау болып табылады, деп мәлімдеді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ.

«Атамекен» Қазақстанныің кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өзара шағын және орта бизнесті дамытуға арналған серіктестікке қол қойды. Серіктестіктің негізгі мақсаты – отандық тауар өндірушілер, қызметті жеткізушілерді қолдау. Өзара келісімнің басты мақсаты жергілікті өнім өндірушілерді, импорт алмастырушыларды қолдап қана қоймай, Қазақстанның ДСҰ мен ЕЭО алдындағы міндеттемелерін атқаруға қызмет ету», - делінген хабарламада.
 
Маңызды құжатқа «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Ерік Имашев қол қойды.

Маңызды құжатта көрсетілгендей, онда бизнесті дамытуда ашықтықты қамтамасыз ету, квазимемлекеттік сектордағы сатып алудың тиімділігін көтеру мақсат етіледі.

Тараптар сондай-ақ өнім өндіруші мен тұтынушы арасындағы жылдық және ұзақ мерзімдік келісімдерге байланысты өзара серіктестік аясы кеңейе түсетінін айтты. Оның сыртында сатып алудың ашық жүргізілуін, саудалар мен қызмет көрсету мониторингін ұдайы жүргізіліп отырады деп келісті.

Құжатта сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді тұрақты тапсырыспен қамтамасыз ету жайы көзделген.