Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

2012 жылы Қазақстандағы инфляция деңгейі 6% құрады

03 қаңтар 2013, 11:35

2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы инфляция деңгейі 6% құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

«2012 жылы Қазақстандағы инфляция 6% құрады», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Статведомство өткен жыл ішінде азық-түлік өнімдерінің бағасы 5,3%-ке, азық-түлік емес тауарлардың бағасы - 3,5%-ке, ақылы қызмет ақысы - 9,3%-ке өсті деп хабарлады.

Сөйтіп, өткен жылдың желтоқсан айында инфляция 0,6% деңгейінде қалыптасты.