Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

2016 жылы «Даму» қоры ШОБ-ке 8,5%-дық соңғы мөлшерлемемен 24 млрд теңгеге несиелер ұсынуға дайын – Қ.Төлеушин

06 мамыр 2016, 19:19

2016 жылы «Даму» қоры барлық аймақтарға ШОБ-тың дамуына 24 млрд теңге несие ұсынады. Несие 5-7 жыл көлемінде 8,5%-дық соңғы мөлшерлемемен беріледі, деп мәлімдеді «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Қаныш Төлеушин Астанада өткен «Қазақстанда жасалған» атты отандық тауар өндірушілердің көрмесінде.

«Біз кәсіпкерлерде жаңа жабдықтарға сұраныстың бар екендігін көрудеміз және біз оларға қалағандарын бергіміз келеді. Сол себепті, халықтан бірінші естігеніміз – бұл қолжетімді қаражат. Яғни, несие мөлшерлемесін азайту керек және ұзақ қаржыландыруды қамтамасыз ету керек. Сол себепті өткен жылы қарыздардың орташа бағамы 14%-ды құрады. Осыған орай осы жылы барлық аймақтарға 24 млрд теңге көлемінде несие беруді қарастырудамыз. Несие 5-7 жыл көлемінде 8,5%-дық соңғы мөлшерлемемен беріледі», - деп хабарлады Қ.Төлеушин.

                         

Ол өз сөзінде кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктерде қарау уақытын қысқартуды сұрағандығын айтып өтті.

«Қарастыру мерзімі кейде 3-4 айға дейін барады. Сол себепті біз ЕҚДБ тәжірибесін алдық және қазір шағын несие 20-30 млн теңге, ол 3-тен 7 күнге дейін құрайды. Шамамен 50 жоба мақұлданды», - деді қор басқармасының басшысы.

Сонымен қатар, ол кәсіпкерлердің несие алу кезіндегі қағазбастылыққа назар аударды.

«Қағазбастылықты болдырмау үшін процесті автоматтандырдық, ол - кепіл бойынша бірінші жабдық тұрғысында. Бүгінгі күні экспресс-кепілдемелерді электронды үкімет арқылы ала аласыздар. Несие алу үшін сіздер бес күн ішінде иә немесе жоқ деген жауапты ала аласыздар. Сонымен қатар, сіздерге өздеріңіздің өтініштеріңіздің қайда - несиелік комитетті немесе уәкілетті басқару органдарында жатқандығын көру мүмкіндігі бар», - деп түсіндірді ол.