Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстанда бизнесті мемлекеттік тексеруді кезең-кезеңмен автоматтандыруды жүзеге асыру жоспарланған – Т.Жақсылықов

20 қаңтар 2015, 21:44

Қазақстанда мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін автоматтандыруды енгізу жоспарланған, деп мәлімдеді ОКҚ өткен брифингте ҚР ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов.

«Адами факторды болдырмау және жемқорлық тәуекелдерді азайту үшін мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін кезең-кезеңмен автоматтандыру қажет болады», - деді Т.Жақсылықов. 

Осыған байланысты, оның айтуынша, биылғы жылы Бас прокуратурамен бірге автоматтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін бақылаудың барлық салаларын толық талдау жүргізіледі.

Бұдан өзге, Ұлттық банкпен бірге тексерулерге балама ретінде кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін сақтандыру мүмкіндігін қарастыратын заң нормаларын орындау бойынша ұсыныстар жасалады.

ҚР ҰЭМ мәліметінше, Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және сарапшылық топпен бірлесіп, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде тексеруге жататын талаптарды қысқарту үшін талаптарға тексеру жүргізді. 

Тексеру қорытындысы бойынша 5228 талаптың ішінде 1 810 талап немесе талаптардың жалпы санының 34,6%-ы қысқартылды.