Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қызылорда облысында құны 419 млн доллар болатын тау-кен байыту комбинаты салынады - Қ.Көшербаев

07 қараша 2014, 18:29
Қызылорда облысы

Қызылорда облысында 419 млн доллар сомаға тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталады, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде өңір басшысы Қырымбек Көшербаев. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры Шалқия кен орнында құны 419 млн доллар болатын кен-байыту комбинатын салу туралы шешім қабылдады», - деді Қ.Көшербаев. 

Әкімнің мәліметінше, кәсіпорын 66 мың тоннаға дейін қорғасын концентратын және шамамен 230 мың тонна мырыш концентратын шығаратын болады. Кәсіпорынға 340 маман алынып қойылды. 

Бұдан өзге, облыста  құны 253 млн доллар болатын ферроқорытпа зауытының құрылысы басталады, сәйкес ТЭН әзірленіп қойылды. 

Кәсіпорын жылына 160 мың тонна төмен алюминий ферросилициясын шығарады деп жоспарланып отыр. 

«Аталған компонент барлық металлургиялық өнеркәсіпте көшбасшы қоспа ретінде жоғары сұранысқа ие. Жеткізілім географиясы Қытайдан бастап Еуропаға дейінгі аумақты қамтиды», - деп басып айтты ол. 

Қ.Көшербаевтың айтуынша, қажетті кадрлар дайындау мақсатында биылғы жылдың өзінде шамамен 130 мың маман Мәскеу болат және қорытпа институтына, Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық университетіне, Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-ға оқытуға жіберілді.