Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Жылдың бірінші жартысында Вьетнам мен ЕАЭО арасында еркін сауда аймағын құру күтілуде - Т.Жақсылықов

20 қаңтар 2015, 22:01

Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында Вьетнам мен ЕАЭО арасында еркін сауда аймағын құру бойынша мәселелер реттеледі, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР ҰЭМ вице-министрі Тимур Жақсылықов.

«Өздеріңіз де білесіздер, Вьетнам - Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан жүз миллионға жуық халқы бар жылдам, белсенді әрі қарқынды дамып келе жатқан үлкен нарығымен зор қызығушылық тудыратын ел. Бірінші жарты жылдықта келіссөздер аяқталады деген ойдамын», - деді Т.Жақсылықов. 

Оның айтуынша, бұдан өзге ЕАЭО Жаңа Зеландия мен құрамына 4 ел кіретін ЕЕСҚ елдерімен (Еуропалық еркін сауда қауымдастығы) еркін сауда аймағын құру бойынша келіссөздер жүргізуде. Сондай-ақ, Түркия, Үндістан, Израиль, Мысыр сынды елдер қауымдастық құрамына енуді қалайды. 

«Латын Америкасының 10 елі келіссөздерге қатысуға ықыластарын білдіріп отыр», - деп баса айтты вице-министр.