Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

3 жылда Қазақстан мен Германия арасында 4 млрд еуро сомаға келісімдер жасалды - Ә.Исекешев

10 қараша 2014, 22:15

Қазақстан мен Германия арасында үш жылда млрд еуро сомаға 72 келісім жасалды,  деп хабарлады бүгін Астанада өтіп жатқан стратегиялық ынтымақтасу бойынша Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің VII отырысында ҚР инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев.

«Бүгінгі таңда екі ел арасында 4 млрд. еуроны құрайтын 72 инвестициялық және сауда келісімдеріне қол қойылған. Біз осы бағыт бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыра беретін боламыз. Қазірдің өзінде осылардың ішінен шамамен 700 млн еуро сомаға 12 жоба іске асырылып, тағы 15-і қолданысқа беруге таяп қалды», - деді Ә.Исекешев.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мәліметіне сәйкес Қазақстанда неміс компаниялары үшін бизнес жүргізуге қажетті барлық жағдай жасалуда. Сонымен, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, инвесторлар үшін жаңа ынталар тудыратын заңнамалық түзетулер қабылданды. Осы түзетулермен инвесторлармен жасалатын келісім-шарттар тетіктері мен шарттары өзгереді, инвестициялық жеңілдіктер кеңейтіледі, және де инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша шаралар қарастырылады.

«Жыл соңына дейін барлық рұқсаттарды электронды форматқа көшіру аяқталады, 2015 жыл бойы рұқсаттар санын 50%-ға қысқарту жоспарланған», - деді холдингте.

Сонымен қатар, компанияда нақтылағандай, соңғы 10 жылда Қазақстанда 196 млрд астам доллар тікелей инвестиция тартылды.