Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бағалық сөз байласу мен жосықсыз бәсекелестік үшін АМҚС иелерін жауапкершілікке тартатын болады – ҚР ҰЭМ

05 қыркүйек 2015, 01:07

Бүгін селекторлық жиында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасы Серік Жұманғарин аймақтық бөлімшелерге өңірлерде АИ-92/93 маркалы бензинге бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және «қолдан» тапшылық жасамауды тапсырды, деп хабарлайды ведомствода. 

«Кәсіпкерлерге берілген АИ-92/93 маркалы бензинге бағаларды өз бетінше айқындау мүмкіндігін ескере келе, монополияға қарсы ведомствоның өңірлік бөлімшелері монополияға қарсы заңнаманың сақталуын қатаң бақылауда ұстауы тиіс. Әңгіме, ең алдымен, бензинді бөлшек саудада өткізу нарығындағы автожанармай құю станциялары иелерінің өздерінің үстем жағдайын теріс пайдалануы туралы болып отыр», - баса айтты Серік Жұманғарин.

Хабарламада мәлім болғандай, ҚР ҰЭМ ТМРЖБҚК-нің аумақтық бөлімшелеріне де үстем жағдайды теріс пайдалануды, бағалық сөз байласу мен жосықсыз бəсекелестікке жол бермеуді бақылау бөлігінде монополияға қарсы реттеу шараларын күшейту тапсырылды. АМҚС иелеріне монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

Сонымен, монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері болған жағдайда, ТМРжБҚК қызметкерлері бензин бағасының құрылымын (бағаны белгілеу/көтеру үшін негіз болып табылған АЖҚС-ның шығындары) талдайтын болады. Егер, баға келтірілген шығындарға сәйкес келмейтін болса, осы іс-әрекеттерді «Бәсекелестік туралы» ҚР Заңында тыйым салынған іс-әрекеттерге жатқызуға барлық негіз бар.

«Бәсекелестік туралы» ҚР Заңына сәйкес нарық субъектілеріне жоғары айыппұл санкциялары салынатын болады.