Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстан 2035 жылға қарай өңдеу секторы бойынша бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына енуі мүмкін – ҚИДИ

26 мамыр 2015, 17:02

Қазақстан 2035 жылы қайта өңдеу өнеркәсібі бойынша бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына кіруі мүмкін, деп мәлімдеді бүгін «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов «ҚР индустриаландыру бойынша бірінші бесжылдықтың қорытындысы және екінші бесжылдыққа іс-қимыл жоспары» Индустриаландыру бойынша конференция барысында.

«Біздің болжамымыз бойынша, қайта өңдеу өнеркәсібі бойынша үздік отыздықтың қатарына біз 2035 жылы кіреміз, әрине егер индустриаландыру идеологиясы ұлттық идеяға айналса», - деді А.Құлсейітов.
 
Сондай-ақ, ол айтып өткендей, бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына Қазақстан барлық көрсеткіштер бойынша 2050 жылға қарай енуі мүмкін. 

Оның мәліметінше, индустриаландырудың бірінші бесжылдығы аясында қаражаттың 80% қажетті инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға кетті.. 

«Индустриаландыруға шамамен 600 - 700 млрд теңге кетті, олардың ішінде басым бөлігі «Даму», ҚДБ, АЭА құрылысы арқылы кетті», - деп толықтырды ол.