Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Машина жасау ҮИИДМБ алғашқы бесжылдығында ҚР экономикасы өсуінің драйверіне айналды – М.Пішембаев

01 қазан 2014, 22:08

Қазақстанда машина жасау саласы Үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығында ел экономикасын дамытудың драйверіне айналды, деп атап өтті бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан машина жасаушыларының одағы басқармасының төрағасы Мейрам Пішембаев.

«Машина жасау өндірісінің бес жылы аясында үш есеге өскенін айта аламыз. ҮИИДМБ іске қосылған салалардың ішінде машина жасау экономика өсуінің драйвері болып табылатынын айта аламыз», - деі М.Пішембаев. 

Ол бірінші бесжылдықта Қазақстанда электровоз бен тепловоз құрастыру сияқты өндірістер құрылғанын басып айтты. 

«Жалпы, отандық кәсіпкерліктер өздерін темір жол және мұнай-газ саласында машина жасау саласында жоғары сапалы қондырғыларды өндіруші ретінде қалыптастырды. Осы орайда «ҚазМұнайГаз» ҰК отандық өндірушілердің машина жасау өнімімен 70 пайыз қамтылған», - деді Пішембаев.

Айта кетейік, машина жасау саласында бүгін 283 ірі кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 70-і ҮИИД МБ аясында енген жобалар. Сала қызметкерлерінің саны 87 мың адамды құрайды.